ХАКЕРЛЕР ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ПОШТАСЫН БҰЗДЫ

Хакерлер АҚШ Мемлекеттік депар­таментінің аса құпия емес электронды поштасын бұзып, мекеменің бірнеше қызметкерінің жеке мәліметтеріне қол жеткізген. Бұл туралы дереккөзге сүйене отырып, американдық «Politico» басылымы хабарлады. Кибершабуылды кімдер жасағаны білгісіз.

Электронды пошта бұзылғаны жайлы ақпаратты Мемлекеттік департамент қызметкерлері қыркүйектің басында ал­ған. БАҚ мәліметінше, ведомствоның құ­пия құжаттарына қауіп төнбеген. Ха­керлік шабуыл қызметкерлердің бір процентіне жуы­ғының ғана поштасына зиян кел­тірген. Қазір осы оқиғаны тексеру үшін жұмыс тобы құрылды.

«Politico» Мемлекеттік департамент серверлеріне жасалған ең ауқымды кибершабуыл 2014 жылы болғанын еске салады. Оған ресейлік хакерлердің қатысы бар делінген.

АҚШ биыл тамызда ресейлік әскери барлау қызметіне қарасты 12 хакерге сырттай айып таққан. Олар Америкадағы сайлауға араласты деп айыпталып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2018 г. 568 0