АУДАН МЕРЕЙТОЙЫНА АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев ауданның 90 жылдығына өтетін шаралар барысы туралы айтты. Ауданның мерейтойы «Сырға толы Сығанақ» атты этно-думанды шарамен басталып, 2 ай көлемінде тойланатын болады. 

– Бағдарлама аясында мәде­ни-көпшілік және спорттық ша­ра­лар өтеді. Сондай-ақ, биыл ха­лық ақыны Манап Көке­нов­тің туғанына 90 жыл толады. Осыған байланысты айтыс ақ­таң­герінің бюсті ашылып, рес­публикалық ретро-айтыс ұй­ым­­дастырылады. Шаралар ая­сында «Алтын күз-2018» ауыл ша­руашылығы саласының үз­дік­тері марапатталып, эстрада жұлдыздарының гала-концерті ұй­ымдастырылмақ, – деді Ғ.Әміреев.

Сондай-ақ, М.Көкенов атын­дағы ау­дандық мәдениет үйінде қазақ елінің дара тұлғасы, Қа­зақстан Республикасының халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, дирижер Төлепберген Әбдірашевтің 70 жылдығына ар­налған республикалық камера­лық оркестрлердің фестивалі өтеді. Оған Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда облыстарынан каме­ралық оркестрлер қатысса, Түр­кістан облысы опера және балет театрының симфониялық оркестрі қонақ ретінде өнер көрсететін болады. Сонымен қатар, Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған түйе палуан­дардың республикалық ашық турнирі еңбек ардагерінің есімін иеленген ауылда өтеді.

Қазан айында ауданның 90 жылдығы аясында көпқабатты тұрғын үй және 1 жатақхана, сондай-ақ, 2 спорт кешені ел игілігіне берілмек.


Шынар Бекбан.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қыркүйек 2018 г. 592 0