« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-10» көліктік жүк кемесін (КЖК) ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ведомствоаралық комиссияның (ВАК) қорытындысы бойынша, МКС-57/58-дің негізгі және қайталама экипаждары «Союз МС-10» КЖК-да және Халықаралық ғарыш стансасының ресейлік сегментінде ұшырылымды орындауға әзір, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметінен.
«Союз МС-10» көліктік ұшу кемесінің негізгі экипажы - Роскосмос ғарышкері Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга, сондай-ақ олардың дублерлары - ресейлік ғарышкер Олег Кононенко мен канадалық автронавт Байқоңыр ғарыш айлағында ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңіне кірісуге дайын.
Экипаж Байқоңырға ұшырылымға екі апта қалғанда келеді деп күтілуде.
МКС-57/58 экипажы бар «Союз МС-10» КЖК Байқоңыр ғарыш айлағынан 2018 жылдың 11 қазанында Астана уақытымен 14 сағат 40 минутта ұшырылмақ. Алексей Овчинин мен NASA астронавты Ника Хейга ғарышта 187 тәулік болатыны жоспарлануда.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |