ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМ – ТИІМДІ БАҒА

Өткен сенбіде қала іргесіндегі Тасбөгет кентінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті. Бұл жолы тұрғындарға күздің сыйын онда шиелілік шаруалар жеткізді.
Жәрмеңке таңғы сағат сегізден басталып, көп ұзамай келушілер қатары көбейе берді. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметінше, жеміс-жидек, көкөніс, балық, ет, сүт – бас-аяғы 90 көлікке тиелген өнім базар бағасынан 10-15 процентке төмендетілген күйі сатылды. Келген жұрт келісі үшін күрішті – 180, пиязды – 70, сәбізді – 130, картопты – 75, қырыққабатты – 80, қызылшаны – 180 теңгеден қаптап алып жатты. Ал еттің құны 1300 теңге болды. Сапалы сөк, талқан, құрт, сары май да біршама арзан бағада берілді. Одан бөлек, қой, тоқты, ешкі сияқты түліктер де жәрмеңке үсті сатылып кетті.
Шиеліліктер осылайша 31 млн 760 мың теңгенің 330,2 тонна өнімін қызылордалықтарға өткізіп қайтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қыркүйек 2018 г. 547 0