« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағынан айырылған қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареспен қарымта кездесудегі жеңілісіне қатысты пікір білдірді.
Бұл туралы Vesti.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
«Жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін айтқым келмейді. Себебі төрешілердің шешімі бойынша жеңіс «Канелоға» тиесілі. Менің ойымша, бұл жанкүйерлер үшін тамаша жекпе-жек болды. Мен оған (ред. “Канело”) қарағанда әлдеқайда жақсы жұдырықтасамын деп ойладым», – дейді Головкин.
Сонымен қатар Геннадий Головкин «Канеломен» үшінші жекпе-жек өткізу туралы көзқарасы туралы сұраққа жауап берді.
«Шарттары дұрыс болған жағдайда – иә», – дейді қазақстандық боксшы.
Өз кезегінде Альварес те қазақстандық қарсыласымен тағы бір жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол екінші жекпе-жекте таза жеңіске жеткенін және әзірге жеңісінен ләззат алғысы келетінін айтты.
Айта кетсек, бүгін, 16 қыркүйекте, Лас-Вегастегі T-Mobile Arena-да 12 раундқа жоспарланған Головкин-“Канело” жекпе-жегі толық өтті. Кездесуде кімнің жеңіске жеткенін төрешілер шешіп, ұпай саны бойынша жеңісті Сауль Альвареске берді (115-113, 115-113, 114-114). Осылайша, отандасымыз Геннадий Головкин спорттық мансабында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақ дәрежесіндегі WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылды.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |