Жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Алдағы демалыс күндері елімізде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды  "Қазгидромет".

"Қазақстанның көптеген облыстарында ауа-райын бұрынғыдай антициклон анықтайтын болады, ал Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа-райын, климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады", - делінген хабарламада.

Кей жерлерде жаңбыр дүйсенбі күні республиканың шығысында, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауымен батыс облыстарында да күтіледі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 қыркүйек 2018 г. 739 0