« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |
Жаңақорған кентінде орналасқан адам көп шоғырланатын «Нұр» орталық базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, - деп хабарлайды аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.
Оқу-жаттығудың мақсаты адам көп шоғырланатын жерде халықты қауіпсіз жерге көшіру, өрт ошағын сөндіру және «Нұр» базарының қызметкерлерінің өрт кезінде атқарылатын іс-әрекеттерін тексеру болды.
Аудандық ТЖБ-дан 3 қызметкер, 1-«San Yong Kyron» автокөлігі, ӨСБ-дан 26 қызметкер, 4 өрт сөндіру автокөлігі, жедел жәрдем қызметінен 3 қызметкер, 1 техника, Жергілікті полициядан 9 қызметкер, 4 бірлік автокөлігі, электр тарату торабынан 2 қызметкер, 1 техника және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-дан 3 қызметкер, 1 бірлік техника қатыстырылды. Әр қызмет өз саласы бойынша тиісті жұмыс атқарды.
Оқу-жаттығу барысында өрт ошағы 80 м2 құрап, оған келіп жеткен күш-құралдарының бірлескен іс-әрекеттерін үйлестіру бағыты бойынша және халықты қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары атқарылды.
Гарнизон басшылығы оқу-жаттығудың өту барысына талдау жүргізді.
«СБ» ақпарат.
« Қыркүйек 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
29 | 30 |