Қызылордада 72 көпқабатты үй жөнделеді

Қызылордада  72 көпқабатты үй жөнделедіҚызылорда қалалық бюджетіне облыстық және республикалық бюджеттерден барлығы 3 млрд.192 млн.теңге трансферттер бөлініп, бюджеттің көлемі 35 млрд.676 млн.теңгені құрады. Яғни жыл басында бекітілген бюджетпен салыстырғанда 9 млрд.357 млн.теңгеге ұлғаюда.
Бұл қаржылар аясында Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауына сәйкес мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерінің лауазымдық жалақысы 10 пайызға, атаулы әлеуметтік көмекке 12 пайызға, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 5 пайызға көбеюде. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, облыс орталығындағы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 72 көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеуге 1 млрд.751 млн.теңге бөлінді. Оның ішінде күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмаған 25 тұрғын үй бірінші кезекте жөнделетін болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2014 г. 890 0