Алып жобаның келесі кезеңі басталмақ

Алып жобаның келесі кезеңі басталмақ«Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы бойынша алып құрылыстың бірінші кезеңі сәтті аяқталды. Бүгінгі күндері Кіші Арал суға толып, жағасындағы жұрт баяғы тіршілік ауанына қайта орала бастады. 
Бірнеше талқылаулардан кейін, Арал теңізін бір деңгейлі етіп қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Қазіргі таңда, алып жобаның екінші кезеңін бастау туралы облыс әкімінің ұсынысы Үкіметтен қолдау тапты. «Үкімет басшысы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Дүниежүзілік банктен осы жобаға үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін қаржы алу жөнінде нақты тапсырма берілген» дейді аудан әкімдігі баспасөз қызмет.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 мамыр 2014 г. 836 0