Жалағаш ауданы Аққыр ауылдық округі бойынша 2013 жылы «Ақниет» әлеуметтік серіктестік бағдарламасына барлығы 44 ауыл тұрғыны ниет білдірген болатын.
Әртүрлі номинация бойынша құжат тапсырған 44 тұрғынның екеуі жеңімпаз болып танылды. Атап айтқанда «Қолөнер» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылған Балжан Сатыбалдиева 450 мың теңге көлемінде қаржы алып, ауыл тұрғындарының тапсырысына сәйкес жұмыс жасауда. «Игілік» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылған Бахытжан Абжаев 650 мың теңге көлемінде қаржы алып ұстахана жұмысымен қатар пластикалық терезе орнатуда. Қазіргі уақытта 2014 жылға ниет білдіруші азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, құжаттары жинақталуда