Қазалы ауданы әкімі Бақыт Жақанов 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне орай бір топ мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызбасты қарастығы жоқ өзге ұлт өкілдерінің ортасында болып, сұрақтарына жауап берді.
– Кездесуде тарихымыздан жақсы белгілі қазақ жерінде топтасқан халықтар ешқашан бірін-бірі алаламағанын, тіпті қиын замандарда да бірлесіп, бірлік пен достықты сақтап қалу дәстүрін лайықты жалғастыру бұл біздің парызымыз деді, - аудан әкімі. Қабылдауда болған өзге ұлт өкілдері бұл бас қосу алдағы уақытта да жиі болып тұрса деп өз тілектерін білдіріп, зейнеткерлер атынан алғыстарын жеткізді. Кездесуге келген өзге ұлт өкілдеріне сый-сияпат құрмет көрсетіліп, мерекелік шағын концерт ұйымдастырылды.