Сыр өңірінде күріш егу басталды

Сыр өңірінде күріш егу басталдыҚызылорда облысының дихандары күріш егуді бастады. Биыл 76,6 мың гектар жерге Сыр салысын егу жоспарланған. Қазіргі таңда соның 3 мың гектарға жуығы егілді. Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сырдария ауданында жұмыс сапарымен болып, «Шаған жер» ЖШС-нің егіс алқабында тұқым себу жұмыстарын көрді. Жалпы, ауыл шаруашылық саласының мәселелері осы жерде талқыланды. Аймақ басшысы қара жерден несібесін күтетін шаруалармен жүздесіп, көктемгі дала жұмыстарына қатысты шараларды талқылады.
Биыл облыс бойынша 160,4 мың гектарға егiс егу межеленіп отыр. Осы жылдың егісіне облыс ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері былтыр күзде дайындық жұмыстарын бастаған-ды. Күріш егісіне 20,2 мың тонна тұқым дайындалды. Қолдағы тұқымның барлығы тексеруден өткізілді. Шаруалар қажетті минералдық тыңайтқыштармен толық қамтылған. Қазіргі таңда су жолдарын тазалау, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жерді сіңіре суару мен жайылымдық жерлерді суару жұмыстары аяқталды. Шаруалардың суға қарыз мәселесі де сөз болды.
«Бұл мәселе менің назарымда. Дегенмен, қарызы бар деп шаруашылықтарды сусыз қалдыруға болмайды. Ал берешектерін бірлесе шешетін боламыз», - деді облыс әкімі.
Жанар-жағармай диқандардың басты мәселесі. Көктемгі егіс жұмыстары басталысымен сұйық отынның бағасы шарықтап кететін. Бұл түйіткүлдің түйіні тарқатылды. Мұнай өңдеу зауыттарынан дизель отынын жеткізуші  12 оператор белгіленді.  Олар шаруаларға дизель отынын литрін 90 теңгеден жеткізіп беруде. Аймақ басшысы келісілген мерзімде жағармайды жеткізіп бермеген операторларға қатаң талап қойылатынын тағы бір ескертті. Субсидияның да уақытылы төленуі бақылауда болатыны айтылды. Өткен жылы күріштен рекордттық өнім жиналғаны мәлім. Биыл да сол межеден түсірмеу үшін бар күшжігер салу керек. Іргедегі Ресейдің Краснодар аймағы күріштен жақсы өнім алатын өлке. Өңір басшысы көршілерден тәжірибе алу керектігін атап өтті. Осы жиынға Краснодар «Группа Компаний Агроплюс» ЖШС-нің сату бөлімінің директоры Евгений Никитенко арнайы келіп, өздерінің күріш өсіру әдістерімен бөлісті.Сыр диқандары күріш егу жұмыстарын 1 маусымға дейін аяқтауды жоспарлап отыр. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2014 г. 1 099 0