«ОТБАСЫМЕН – МУЗЕЙГЕ! »

Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде еліміз «Отбасы күнін» сән-салтанатпен қарсы алады. Біздің өңірде де атаулы күн шат-шадыман тойланды. Облыстық тарихи-өлкетану музейі «Отбасымен – музейге!» атты фестиваль-шоу ұйымдастырып, қала тұрғындарын ерекше әсерге бөледі. Шараға «Нұр Отан» партиясының Қызылорда қалалық филиалы төрағасының орынбасары Шәріп Әбдірахманов арнайы келіп, сайыс қатысушыларын мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.
– Отбасы – қасиетті құнды­лық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізгі тіні осы жерде қалыптасады. Бұл – талайды қанаттандырған киелі шаңырақ. Тек бүгін емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында жақындарыңызды ыстық ықылас пен шексіз махаббатқа бөлей жү­ріңіздер, сәттілік серіктеріңіз болсын! – деді Ш.Әбдірахманов.
Әрі қарай отбасы құнды­лық­тарын дәріптеуді мақсат еткен сайыс тартысты жалғасты. Ата-аналар «Ұл-қызыма өсиет» тақырыбында өскелең ұрпаққа хат жолдаса, оқушылар «Менің отбасым» тақырыбындағы эсселерімен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар «Тарихи көмбе» викториналық сұрақтарына жауап беріп, «Қай жәдігер?» тақы­рыбында дайындалған қызық­ты интерактивті суреттерден жә­дігерлерді жылдам таба білді. Шара қорытындысында белсенділігімен көзге түскен  Жақ­сыбаевтар шаңырағы «Ғажайып отбасы» аталымы­мен марапатталды. Өзге қатысу­шыларға да Алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Музей директорының орынбасары Жанар Ахметованың айтуынша, алдағы уақытта осындай тағылымды шараларды ұйымдастыру дәстүрге айналады.
М.СНАДИНҚЫЗЫ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 11 қыркүйек 2018 г. 540 0