Төрт ғасырлық қылыш табылды

Төрт ғасырлық қылыш табылдыЕлбасымыздың «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында егеменді елімізде атқарылып жатқан алуан шаралар жұртшылыққа аян. Тарихи жәдігерлеріміз қалпына келтіріліп, өшкеніміз жанғандай әсерге бөлендік. 
Жуырда осыдан төрт ғасырдай уақыт бұрын Солтүстік Арал төңірегінде ғұмыр кешкен Өріс (Шекті) баласы Айдарбек батырдың жау төбесінде жасындай ойнаған болат қылышы табылды. Бұған себепкер болған алдағы жылы батыр ұрпақтары атақты бабасына республикалық дәрежеде ат шаптырып ас беру мақсатында облыстық әділет органдарына тіркеліп, «Айдарбек баба» қоғамдық қорын ашқан болатын. Осыған байланысты баба мұраларын жергілікті көнекөз қариялар арқылы сұрау салып іздеп жүрген қор мүшелері Арал ауданындағы Тастүбек балықшылар ауылына ат басын бұрған. Осы ауылдағы жасы тоқсанға таяған қарт ана Сәбира Ыбырайым келіні арғы бабалардан бүгінгі ұрпағына аман жеткен теңдесі жоқ болат қылыштың өзі білетін тарихы жөнінде былай деді:
-Мен бұл әулетке 1945 жылдың 7-наурызында келін болып түстім. Кейінірек қайын атам 96 жасында бұл пәниден өтерде осынау бағы жетпес жәдігері ұлы Саражат пен келіні маған аманат еткен. 
Жоғарыдағы қоғамдық қор мүшелері Ыбырайымовтар әулетінің келісімімен төрт ғасыр сақталған тарихи қылышты енді мұражайға салтанатты түрде табыс етпек. 


Толыбай Абылаев,
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, 
«Айдарбек баба» қоғамдық қорының мүшесі.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 мамыр 2014 г. 1 145 0