1 мамыр – Қазақстан халқының ынтымақ пен бірлік күніне орай Арал ауданында мерекелік шаралар өткізілді.
«Қазіргі таңда ауданымызда көптеген ұлттың өкілдері:орыс, украин, татар, малдаван, қырғыз, қарақалпақ, өзбек, кәріс (барлығы 105 адам, 8 ұлт өкілі) ұлттарымен тату-тәтті, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатыр» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі. Орталық алаңда «Достықты ту еткен – Қазақ елі» атты достық шеруі, мерекелік концерт өтті. Мәдени-көпшілік шараға 24 мекемеден 13 ұлт өкілдері қатысты. «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетілді.