Қызылордалық жеңіл атлеттер Шымкент қаласында өткен ҚР оқушылар арасындағы Спартакиададан қос алтын, 2 күміс, 5 қола медальмен оралды. Бұл жайында бізге облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Қармақшылық Рахымжан Келманов 3000 метр қашықтыққа жүгіруден алда келсе, 2000 метр кедергілер арқылы жүгіруден үшінші орынды иеленді. Жалағаштық Нұржан Іскендір найза лақтырудан өзінің мықтылығын көрсетіп, чемпион атанды. Светлана Саунина 3 шықырымға қашықтыққа жүгіру мен 2 шақырымға кедергі арқылы жүгіруден күміс жүлдені еншіледі. Анастасия Щадыло 1500 метрге жүгіруден және 2000 метр кедергі арқылы жүгіруден қола жүлдегер атанды. Ұзындыққа секіруден Анжела Сайдгазиева мен ядро итеруден Руслан Мұратбай 3-орынға ие болды.