| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қарағандыдағы католик шіркеуінен қомақты қаржы жоғалған. Полиция қызметкерлері шіркеуді тонады деп күдікке ілінген 33 жастағы ер адамды ұстады, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі.
2 қыркүйек күні белгісіз біреу Қарағандыдағы Рим-котолик шіркеуіне келіп, монаx әйелдің жоқтығын пайдаланып, қабылдау бөлмесіне жасырын кіріп, қорапшада тұрған 193 000 теңгені жымқырып кеткен. Шіркеудегі ұрлық жайлы қалалық Ішкі істер басқармасының Оңтүстік-Шығыс бөліміне монаx әйел xабарлап, шағым түсірген. Полиция қызметкерлері көп ұзамай шіркеуді тонады деп күдікке ілінген қала тұрғынын құрықтады.
«Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы қала тұрғыны анықталды және ұсталды. Ол шіркеудің қабылдау бөлмесіне кіріп, монаx әйелдің жоқтығын көріп, ақшаны ұрлағанын мойындады. Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 2-тармағына сәйкес, яғни «Өзгенің мүлкін ұрлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді Қарағанды облыстық Ішкі істер департ
аментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.
Оның айтуынша, сотқа дейінгі сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |