Қызылорда қаласында «Сүйікті қалам - Қызылорда» тақырыбындағы жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының арасында «Студенттік көктем» өнер фестивалі өтті. Оны қалалық ішкі саясат бөлімі және «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Аталмыш шара барысында «Қызылорда – менің көзіммен» тақырыбында қолөнер және сурет шеберлері, халықтық және қолдау билері және «Қызылорда дауысы» байқаулары өткізілді. Фестивальдің алғашқы шараларының бірі халықтық және қолдау билерінің байқауы бойынша би топтары өз бақтарын сынады. Би жанрында қызыққа толы болған композициялар көрсетілді. Әділ қазылар алқалары әділ бағасын беріп, алғыс хаттар мен номинация иегерлерін марапаттады. Түстен ауыған уақытта бастау алған «Қызылорда дауысы» байқауы әсем ән мен жоғары көңіл-күй сыйлап, бір желпіндіріп тастады. Аталмыш сайыста бірінен бірі озатын өнерпаздар қатары көп болды. Осылайша фестивальдің бірінші күнгі байқаулары осылай өтті. Жеңімпаздар гала-концертте марапатталды. Айта кететін мәліметтің бірі – жыл сайынғы қатысушы жастардың саны жылдан-жылға ұлғайып, жастар тарапынан қызығушылық танытылып отыр. Өткен жылы 16 құрама команда болатын болса биылғы жылы 21 оқу орнының командалары өз бақтарын сынады.