Тілі басқа болғанмен тілегі бір

Тілі басқа болғанмен тілегі бірАудан орталығындағы мәдениет үйінде "Достығымыз жарасқан" атты түрлі ұлт өкілдерімен кездесу кеші болып өтті. Оны "Сырдария ауданының әйелдері" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырды.
Сырдария ауданында 20-ға тарта ұлттың өкілі тату-тәтті өмір сүріп, еңбек етуде. Олардың ішінде орыс, кәріс, өзбек, украин, қырғыз, башқұрт, қалмақ т.б. ағайындар бар. Тіпті, ауылы аралас, қойы қоралас жатқан әр ұлт өкілдерінің бірі қыз беріп, бірі қыз алып, құдандалы жекжат болып жатқандары қаншама. Осы ұлыс өкілдері кештің құрметті қонақтары болды. «Тереңөзектегі интернационалдық отбасылардың бірінде дүниеге келіп, тәрбиеленген, бүгінде білікті жас ұстаздардың бірі- Федотова Алена Васильевна да өнегелі жан. Ол қазақ жігітіне тұрмысқа шығып, бүгінде бірнеше бүлдіршін сүйіп отырған бақытты жас отбасы» деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 сәуір 2014 г. 1 577 0