Бұл салада маман тапшылығы айқын байқалады. Елімізде бір дәрігерге 2000-ға жуық адам қаралады екен. Жыл басынан бері 9 млн қазақстандық азамат алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарына жүгінген. Алайда соңы өлімге алып келетін кардиология, онкология, эндокринология сынды аурулардың алдын алуға тұрғындар бейжай қарайды. Биыл бүкіл республика бойынша 1 млн тұрғын ғана мамандар көмегіне жүгінген. Осы орайда елімізде шағын медициналық орталықтар санын арттыру жоспары бар. «Ал жыл аяғына дейін халық түгелдей электрондық денсаулық сақтаудың бірыңғай паспортымен қамтамасыз етіледі», – деп айтты министр.
24.kz