Жалағашта облыстық семинар өткізілді

Жалағашта облыстық семинар өткізілдіЖалағаш ауданда балаларға қосымша білім беру жұмыстарына тұрақты түрде көңіл бөлінеді. Осы мақсатта оқушылар үйі, әуез мектебі, № 202 орта мектеп жанындағы қосымша білім беру орталығы, спорт мектебі және аула клубтарында түрлі жобалар іске асырылуда. Осы мақсатта ауданда семинар болып өтті. Семинарға барлық Қызылорда қаласы мен аудан әкімінің орынбасарлары, білім бөлімінің басшылары, мектеп директорлары, қосымша білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Семинарды облыстық білім басқармасының басшысы Наурызбай Байқадамов ашып, жүргізіп отырды. Семинар барысында №202 орта мектеп жанынан құрылған үйірмелер жұмысы таныстырылды. «Онда әдістемелік кабинет,«Ақмоншақ» би үйірмесі, «Қалдық өнімдермен жұмыс» үйірмесі, мектеп оқушыларының тұрмыстық қалдық заттарынан жасаған бұйымдары, «Өнерлінің қолы – алтын» құмға сурет салу және мүсінмен жұмыс үйірмелеріі жас өскіндерге тәлім береді. Семинар барысы туралы әрбір ауданнан келген өкілдер өз пікірлерін білдіріп, семинарға жақсы деген бағаларын берді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 сәуір 2014 г. 1 024 0