«Қайсар »«Шахтерден» айласын асырды

Қызылорданың «Қайсар» командасы ойын өрнегін енді тапқан секілді. Биыл командаға көптеген футболшылар қосылды. Соның салдарынан маусым басында жерлестеріміз азбап кібіртіктеп қалғандай болып еді. 
Сыр елінің намысын қорғайтын ұжым соңғы үш турда алты ұпайға қол жеткізді. Қарсыластардың барлығы еліміздегі жоғары деңгейдегі ұжымдар саналады. Атап айтқанда, қызылордалық футболшылар Павлодардың «Ертіс», Ақтөбенің «Ақтөбе» және Қарағандының «Шахтер» клубтарымен шеберлік байқасты. Байқасаңыз, үшеуі де жеңісті қолдан бере қоймайды, турнир кестесінде жылма-жыл үздік үштіктен көрініп жүрген клубтар болып табылады. Ендеше, «Қайсар» жанкүйер алдында жігерлі қимылымен көзге түсе бастады деп айтуға негіз бар. 
Жерлестеріміз соңғы турда өз алаңында «Шахтер» клубын 1:0 есебімен сүріндірді. Өткен жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған клубты тізе бүктірген қызылордалық футболшылар әлі де талай қарсыласын орта жолда қалдырып кететінін тағы бір мәрте дәлелдеді. Қызылордалықтар енді 1 мамырда Семейде «Спартакпен» кездессе, 6 мамырда өз алаңында «Атырауды» қабылдайды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 сәуір 2014 г. 761 0