Шиелідегі жылыжайда қияр да, гүл де бар...

Шиелідегі жылыжайда қияр да, гүл де бар...Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев саябағында орналасқан жылыжайдан алғаш шығарылған өнім ондағы жұмысшылар мен бөлім меңгерушісі Әбдіәшім Олжабай, заңгер Нұрлан Исламовтардың жасаған еңбектерінің бір көрінісіндей көрінді. 
Алғаш шыққан 160 келі қияр өнімін алған кәсіпкер Асель Нурланова қиярдың «Бағасы арзан, сапасы көңілге қонымды», - деп ризашылығын білдіруде. Әзірге жылыжайдан шыққан өнімдер мектеп, балабақшаларда оқып жатқан оқушыларға тасымалдануда. Болашақта жылыжай көлемі кеңейтіліп, тек мекемелерге ғана емес, аудан тұрғындарына да арзан бағада шығарылады деп жоспарлануда. Өмірде гүл сұлулықтың символы саналады. Қазіргі таңда жылыжайда тек қияр мен қызанақтан бөлек ауданымыздың ажарын айшықтай түсетін шафраль, тагидис, агретум, петуня гүлдері өсірілуде. Жылыжайда өсіп тұрған гүлдер мамыр айынан бастап жарыққа шығарылмақ. Онан бөлек егін науқаны басталуына санаулы күндер қалғандықтан болгар бұрышы, баклажан, аскөк (укроп, петрушки) көшеттерін дайындап, аудан халқын қамтамасыз етіп отыр. Егер түрлі гүлдер егу арқылы ауласын көркейткісі келген мекемелер тапсырыс беріп, келісім-шартқа отырып, төмен бағада гүлдер көшеттерін алуларына да болады. Жылыжай тамыз айынан бастап екінші маусымға көшіп, қысқы мезгілге дайындық, яғни, қайта егу жұмыстары жүргізілмек. Қазіргі таңда шығарылып жатқан өнім 2 ай күтімнің арқасында іске асты. 
Осындай игі істердің басынан көрініп жүрген, ұзақ жылдар бойы ел өмірінің де, өңірінің де гүлденіп, тұрмысымыздың жақсаруы үшін тер төгіп жүрген азамат, аудандық мәслихат депутаты Пердәлі Архабаев: «Осындай жылыжайлар аудан көлеміндегі мектептер мен балабақша аулаларынан салынса, ондағы оқитын балаларды азық-түлікпен қамтамасыз етуде аса қиындық тудыра қоймас еді», - дейді. Сонымен қоса «Жылыжайда түрлі өсімдік егеміз деушілерге тәжірибе алмасу үшін, білгенімізді үйрету үшін есігіміз әрқашан ашық», - деп өз ой-пікірін жеткізді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2014 г. 1 246 0