Мұнай өңдеу зауытында жарылыс болды

Бавария аймағындағы мұнай өңдеу зауытында жарылыс болып, 8 адам жарақат алды.
Барлығы – Иршинг және Фобург қалаларының тұрғындары. Өртті сөндіруге 300-ге жуық құтқарушы жұмылдырылып, шамамен 4 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен сегіз адамның үшеуі қазір ауруханада жатыр. Оттың тұтануына не себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу жүріп жатыр.
www.24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қыркүйек 2018 г. 832 0