«Қайсар» жастары тең ойнады

«Қайсар» жастары тең ойнадыБүгін, 26 сәуірде футболдан Премьер-лига командаларының қосалқы құрамдары кездесті. Қызылорданың «Қайсар» командасының жастары өз алаңында Қарағандының «Шахтерінің» өрендерімен шеберлік байқасты.
Қос команда да қосалқы құрам клубтары арасындағы біріншілікте үздік үштікте келеді. Сондықтан ойын барысында олар бір-бірімен тең дәрежеде шеберлік көрсетті. Қызылордалықтар сапынан Елжас Алтынбеков 72 минөтте қарсыластар қақпасын дәл көздесе, арада небәрі үш минөт өткенде «Шахтер» футболшысы Нұрсұлтан Жүсіпов есепті теңестіріп кетті. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды.
«Қайсар-д» – «Шахтёр-д» 1:1 (0:0)
Голдар: Алтынбеков 72 (1:0), Жүсіпов 75 (1:1)
Төреші: Сахи (Қызылорда)
26.04.2014. Қызылорда. «Локомотив» стадионы. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 сәуір 2014 г. 812 0