« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Қазақстанның санитариялық авиациясы қызметін бастағалы бері апатқа ұшыраған 48 қазақстандықты елге жеткізген.
«Жалпы, 2011 жылдан қазірге шейін Қазақстан Республикасының санитариялық авиациясы алыс-жақын шетелдерден (Таиланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Мысыр, Қырғызстан, Қытай, Ресей, т.б.) 48 ҚР азаматын елге жеткізді», – делінген хабарламада.
Шетелде зардап шеккен Қазақстан азаматтары қай елден болмасын, республикалық бюджет қаражаты есебінен әкелінеді.
Санитариялық авиация құрылғалы 15 мың қазақстандыққа көмек көрсетілген, соның 2 537-сі акушерлік ауытқуы бар әйелдер, 2 460-ы жаңа туған сәби, 3 249-ы бала, 2 365-і қан айналым жүйесі ауруларымен ауырған науқастар, 3 177-сі жазатайым оқиғаға тап болғандар, уланғандар, 1 458-і басқа аурулардан зардап шеккендер.
Еске сала кетейік, 30 тамыз күні санитариялық авиация Ресейдің Таулы Алтай өлкесінде жол апатына ұшыраған Қазақстан азаматы Хасен Білімбайды Алматының №4 қалалық ауруханасына жеткізген болатын.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |