« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы «Мемлекеттік қызметкерлер – әлеуметтік қоғам айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары, мінез-құлық пен қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары сөз болды.
Дөңгелек үстел барысында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Т.Жолымбетов мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылғанын атап өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Ә.Амангелдиев өз сөзінде: «Мемлекеттік қызметкер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын қызметіне жұмсап, өзінің Отаны Қазақстан Республикасына қалтықсыз қызмет етуі керек» - деді.
«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының кеңесшісі М.Төлеқожа: «Мемлекеттік қызметтің басты міндеті - ел мүддесіне қызмет ету. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі мен әдебі - бұл мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі» екендігін айтты. Сонымен қатар Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қызылорда облысы бойынша деапртаментінің бас маманы Б. Төлегенова Департаментте Әдеп кодексін сақтау бойынша атқарылып жатқан шараларды баяндады. Шара соңында мемлекеттік қызметкерлердің әдебі мен мінез-құлық нормаларын жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар айтылды.
Нұрмұхаммед Әбілқасым,
Қорқыт ата атындағы ҚМУ 2 курс студенті
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |