Мамандар кеңес берді

«Туған жер» қоғамдық қозғалысы» Қауымдастығы «Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға байланысты ақпараттық насихаттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында Кәсіпкерлер үйінде «Мамандар кеңес береді» тақырыбында ашық есік күнін өткізді. 

Аталмыш іс-шараға арнайы шақырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Нұғман Жахудаев     сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың жалпы негіздеріне қатысты сұрақтарға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар және сыбайлас жемқорлықпен байланысты әрекеттерді жасағаны үшін жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірді, арнайы дайындалған бейнеролик көрсетті. 

Ал «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»  Қызылорда облысы бойынша филиалының қызметкері Ғанибек Есентаев ашық есік күні қатысушыларына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша  егжей-тегжейлі ақпараттар беріп өтті.

Қатысушылар шара барысында қозғалған мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, заң аясында жауаптар алды.


Нұрмұхаммед Әбілқасым,

Қорқыт ата атындағы ҚМУ 2 курс студенті

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 тамыз 2018 г. 613 0