
Қызылорда қаласы "Динамо" СК ҚР Ішкі істер органдарының ардагері, полиция полковнигі Абдулла Скаковты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында облыстық ашық турнир өтті. Жарысқа Қызылорда, Байқоңыр қаласы жəне аудандардан 6 команда 100-ге жуық ардагер спортшылар қатысты.
Нəтижесінде Байқоңыр қ. командасы 1-орынды жеңіп алды. Жаңақорған ауданы екінші, Қызылорда қаласы "Ардагер" командасы үшінші орындарға ие болды.
"Үздік шабуылшы" - Қуаныш Рахатов (Байқоңыр), "Үздік үйлестіруші" - Молдахмет Ағыбаев (Қызылорда), "Үздік төреші" - Бақытжан Имбергенов (Қызылорда), "Үздік ойыншы" - Жұмахан Нұртазаев (Жаңақорған).
Жеңімпаз, жүлдегер командалар грамота, кубок жəне ақшалай сыйақымен марапатталды.