Қайыршыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда

Ағымдағы жылдың тамыз айының 21-нен бастап Қызылорда ОІІД-нің Жергілікті полиция қызметімен облыс көлеміндегі қоғамдық орындар мен көпшілік қауым шоғырланған жерлерде, нақтыласақ «Ескі базар», «Универсам», автовокзал, теміржол вокзалы, сауда орындарында рейдтік шаралар өткізілуде.
Ұйымдастырылған шараның мақсаты -  қоғамдық орындарда бал ашу, қайыршылық сипатта, яғни мазалап өтініш білдіру деректерін анықтап, ықпал ету.
Жедел профилактикалық іс-шараның екі күнінде учаскелік полиция инспекторларымен сауда және қоғамдық орындарда тиіскені үшін 17 тұлға анықталды. 7 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, қалған азаматтардың жеке басы анықталмағандықтан Қызылорда ҚІІБ–ның қабылдау-тарату орындарына және Көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді.
Учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік құқық бұзушылық жасап, ұсталған тұлғаларға бір жыл көлемінде қайталап жасаған жағдайда  ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік жаза, яғни қатаң жаза қолданылатындығын ескертті.
Сондай-ақ,  шара барысында 5 жасөсіпірім ұсталып, бейімдеу орталығына  жеткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 тамыз 2018 г. 446 0