« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Әлисұлтан Құланбай 1954 жылы 21 қаңтарда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкендиқан ауылында дүниеге келген.
1961 жылы “Октябрь” орта мектебінің табалдырығын аттап, 1974 жылы оқуын тәмамдайды. 1972-1974 жылдары Кеңес әскерінің қатарында азаматтық борышын өтеген. Еңбек жолын Ұйғыр ауданындағы “Октябрь” колхозында колхозшы болып бастаған.
1978-1979 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің дайындық бөлімінің тыңдаушысы, 1979-1984 жылдары осы оқу орнының журналистика факультетінде білім алған. 1984-1991 жылдары республикалық “Еңбек таңы” журналында корректор, аға редактор боп қызмет атқарған.
1991-1995 жылдары “Ауыл” (“Дала дидары”) газетінде тілші, сектор меңгерушісі, бөлім редакторы, жауапты хатшы болған. 1995-1996 жылдары “Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның жаршысы” журналында жауапты хатшы, бас редактор қызметін абыроймен атқарған.
1996 жылдың 1 наурызынан бастап осы күнге дейін “Егемен Қазақстан” газетінде қызмет істеген.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |