1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қызылорда қаласында бірқатар іс-шаралар өткізіледі.
1 мамыр күні сағат 10.00-де Орталық алаңда «Мәңгілік ел – Қазақстан» атты мерекелік шара өткізіледі. Шара барысында Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Роза Рымбаева, Қазақстан эстрада жұлдыздары Ринат Малцагов, Игорь Благодарный, Роман Ким және жергілікті өнерпаздар ән шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Сағат 10.30-да Орталық алаңнан «Қызылорда – достық мекені» атты авто, велошеру өтеді. Авто, вело шерудің қамтитын аумағы – Орталық алаң, Тоқмағамбетов, Қазыбек би, Журба, Саламатов, Хон Бен До, Бейбітшілік – Сағымбаев, Жұмабаев, Қорқыт ата, Орталық алаң. Осы күні Орталық алаңда облыстағы этно-мәдени бірлестіктердің мәдениеті мен өнерінен, кешегісі мен бүгінгі тарихынан сыр шертетін көрмелер ұйымдастырылып, өзге этнос өкілдерінің ұлттық тағамдары ел назарына ұсынылады.
1 мамыр күні сағат 12.00-де қалалық мәдени және демалыс паркінің маусымдық ашылу салтанаты болады. Паркте 20-ға жуық аттракциондар Сіздерге қызмет көрсетеді. Жаңа нысандар іске қосылады.