Кәсіпкерлер тазалық айлығын насихаттауда

Кәсіпкерлер тазалық айлығын насихаттаудаҚызылорда қаласында санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында 15 наурыздан бастап екі айлық тазалық акциясы жарияланды. Осы ретте, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесі, облыс кәсіпкерлері акцияны қолдайтындықтарын білдіріп, үндеу жариялады. 
Үндеуде былай деп жазылған: «Күз-көктем мезгілдерінде тазалық акциясын жариялау – жылдағы қалыптасқан дәстүрге айналды.Биылғы жылы да Қызылорда қаласын санитарлық тазарту, көркейту –  көгалдандыру мақсатында 15 наурыз – 17 мамыр аралығы тазалық айлығы болып жарияланды. Сондықтан наурыз айынан қала аумағында, еңбек ұжымдарында аулаларды, көшелерді, саябақтарды, алаңдарды, гүлзарларды тазалау жұмыстары, күтіп-баптау, ағаштар отырғызу шаралары ұйымдастырылып,  жаңа саябақтар мен гүлбақтар жасалуда. Бұл шараны Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының шаңырағына біріккен кәсіпкерлер де қолдайды».

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2014 г. 939 0