Қазалы. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша бөлімшесінің «Жылжымалы кеңес беру орталығы» мамандары Қазалы ауданында болып, тұрғындарға өз қызметтерін көрсетті.
Кәсіпкерлікті жаңадан бастау мен қаржы-несиелік қолдауды қажет ететін сұрақтар бойынша 30-ға жуық аудан тұрғыны өз сұрақтары бойынша кеңестер алып, аталған кеңес беру орталығының мамандарына алғыстарын білдірді. «Қызылорда ПРЭКО» Консалтингтік компаниясы» ЖШС мамандары тарапынан аудан тұрғындарына шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін бизнес-жобаларды әзірлеу жолдарын үйретіп, тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, аталған консалтингтік компания мамандары тарапынан аудан бойынша кәсіпкерлік пен өнеркәсіп саласын одан әрі дамыту, туризм қызметі, басқа да жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттары бойынша маркетингтік зерттеу жүргізуде.