Қызылордалық қари Ш.Садуов "əдемі əуезді азаншы" атанды

«Нұр Ғасыр» мешітінің 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ІІІ республикалық «Әдемі әуезді азаншы» жарысы өз мәресіне жетті.
Төрешілер шешімімен, Қызылорда облысы, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы Шыңғыс Жаппарханұлы «Әдемі әуезді азаншы – 2018» деген атқа лайық деп танылды. Бәйге жеңімпазына 1 000 000 теңгенің қаржылай сертификаты мен байқаудың естелік кубогі сыйға берілді. 
Марапатты жарыс демеушісі Құлғазиев Келбатыр мырза салтанатты түрде табыстады. Айта кету керек, жарыс жеңімпазы атанған Шыңғыстың жасы небары 24-те. Ол – бүгінгі байқаудың ең жас қатысушысы."-деп хабарлайды, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 тамыз 2018 г. 566 0