Қызылорда көшелері көріктене түседі

Қызылорда көшелері көріктене түседі Бүгін, 23 сәуірде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыс орталығындағы күрделі жөндеуден өтіп жатқан көшелердің жұмысымен танысты. Бұл жайында облыс әкімі баспасөз қызметі мәлім етті.
Қаланың орталық бөлігінде орын тепкен Мұстафа Шоқай көшесі «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жөнделуде. Мердігері –«УАД» ЖШС.  Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марсбек Молдабаевтың айтуынша жол төрт жолақты болады, онда 110 жарық шамдарының бағаны орнатылады. Бұл көшеде жаяу жүргіншілерге де арналған жол қарастырылған. Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында аяқталады. Одан кейін аймақ басшысы бұрынғы қала әкімшілігінің ғимаратына орналасқан  мемлекеттік мекемелердің жұмысын көрді. 
Қаладағы Әл-Фараби көшесі де жөндеуден өткізілуде. Сағымбаев пен Батырбаев көшесінің аралығын асфальттауға 913,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Аймақ басшысы алдымен сапаға аса мән беру қажеттігін ескертті. «Үстіміздегі жылы облыс экономикасы үшін маңызды нысандардың ірге тасы қаланады. Сонымен бірге, Қызылжарма ауылдық окуругіне көгілдір отын тартылады. Тазалық мәселесіне аса мән беру керек. Әркім өз үйінің ауласын таза ұстаса қала келбеттене түседі», - деді өңір басшысы. «Тағзым» алаңы күрделі жөндеуден өтуде. Облыс әкімі мердігерге жұмысты уақытылы, сапалы аяқтауды тапсырды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2014 г. 1 217 0