
Өскемен қаласында өткен тірек қимыл аппараты және көру қабілеті зақымданған спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионатына жерлестеріміз қатысып келді.
Жүлдемен оралып чемпион атанған Қармақшы ауданы спортшыларын атап айтар болсақ, 400 м, 800м,1500м, жүгіруден І орынды Мақшат Мейіржан, найза мен ядро лақтырудан І орынды және диск лақтырудандан ІІ орынды Қозбағарова Әсел, 200м, 400м,100 м жүгіруден І-ІІ орындарды Елібаев Бағдат иеленіп аудан абыройын асқақтатты.