Жылжымалы экомәдениет тақырыбы талқыланды

Жылжымалы экомәдениет тақырыбы талқыландыСырдария. Бүгінде аудан көлемінде «Жылжымалы экомәдениет» акциясы басталды. Аталмыш акция Айдарлы, Жетікөл, Амангелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарында болып өтті. Ауыл тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарға өкілетті органдар мамандарынан тұщымды жауаптарын ала білді. Осындай негіздегі акциялар елді мекендерде жалғасатын болады.
Жиындар барысында тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауаптар қайтарылды. Елімізде екі экологиялық аймақ бар. Олар Семей мен Қызылорда облысы. Арал маңындағы экологиялық ахуал бойынша ҚР «Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданып, ол бойынша экологиялық қасірет аумағына облысымыздың бүкіл аймағы енген болатын. Ресми статистикалық мәліметтерге сүйенсек заң қабылданғаннан бастап, облысымызда халық саны 111 400 адамға, яғни 15 пайызға және халық арасында туылғандар саны орта есеппен 8-12 пайызға өскен. Дегенмен, бұл көрсеткіш экологиялық ахуалдың жақсаруынан емес, бала туылу көрсеткішінің, яғни демография есебінен көбейген. Халық арасында экологиялық заңнаманы түсіндіру жұмыстары ауданда жыл сайын дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Елді-мекен тұрғындарының көкейде жүрген сауалдарына жауап беруге акциялар да ұйымдастырылып жүр. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын тапты. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2014 г. 803 0