Қызылорда қаласы бойынша бүгінгі күнге барлығы 54 Ұлы Отан соғысының ардагері бар. Оның 19-ы ҰОС мүгедегі, 35-і ҰОС қатысушылары. Олардың саны күн өткен сайын азаюда.
Қалалық ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, қазір қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен 2013 жылдың 25 шілдесіндегі «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы» № 20/3 шешімге сәйкес ҰОС-ның қатысушылары мен мүгедектерін және соларға теңестірілген адамдарды әлеуметтік қолдауға жергілікті бюджеттен қаралған қаржылардың төленуін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.
Жеңістің 69 жылдығына орай жергілікті бюджеттен бір жолғы көмек ретінде барлығы 185,0 млн теңге бөлінді. Оның ішінде:
•54 -ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 74080 теңгеден,
•2-ҰОС соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне- 74080 теңгеден,
•1-екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына- 74080 теңгеден,
•90-тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне- 37040 теңгеден,
Сонымен қатар Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кезінде кемінде 6 ай еңбек еткен 2600 ардагерге 55560 теңгеден,
•Ауған соғысының ардагерлеріне, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі аппаттың, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға және әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге 55560 теңгеден бір жолғы материалдық көмектер берілуде.
Осыған қосымша олардың коммуналдық шығындарын төлеу үшін бір жолғы көмек ретінде:
•54 -ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне 74080 теңгеден,
•2-ҰОС соғысы жылдары қаза болған жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне- 74080 теңгеден,
•1-екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы концлагерлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына- 74080 теңгеден,
•90 -тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған тыл еңбеккерлеріне- 55560 теңгеден төленуде.