« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпороциясының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.
Мақсат – тұрғындарға орталық және жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат беру және сала мамандарынан заңгерлік кеңес алу.
Мемлекеттік корпорация мамандары тұрғындарға әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, көші-қон, архитектура сынды сұранысқа ие салалар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізіп, электронды үкімет порталы арқылы цифрлық қызмет жасауды үйретті. Жәрмеңкеге жиналғандар eGov.kz электронды порталы арқылы үйде немесе жұмыс орнында отырып-ақ, электронды цифрлық қолтаңба немесе бірреттік құпиясөзбен алуға болатын қызмет түрлерімен танысты. Тіпті, қызығушылық танытқандар смартфон, планшет және арнайы орнатылған компьютер арқылы оңай әрі түсінікті механизмдерді қолдана отырып өздеріне керекті анықтама алып та көрді.
Департаменттің мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Ғалымжан Ілкібаевтың айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі балаларды мектепке қабылдау мен баспана мәселесі бойынша «7-20-25», «Орда» бағдарламалары төңірегінде кеңес сұраған.
Аталған жәрмеңке жыл басынан бері Шиелі, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарында өткізілген болатын. Алдағы уақытта облыс орталығында және басқа аудандарда да жалғасын табатын болады.
Айдана ЖҰМАДИНОВА,
«Сыр бойы».
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |