Жастарға дұрыс бағдар сілтеуші жобалар қолға алынды

Жобаны жүзеге асыруға шалғай елді мекендерде тұратын, халықаралық тілді меңгерген жас мамандар да атсалысады.
Сондай-ақ, өңір жастарын оқу-білімге баулып, танымын арттыру жұмыстары жүргізіледі. Жалпы қоғамның қозғаушы күші саналатын буынға дұрыс бағыт-бағдар сілтеу мақсатында бірнеше әлеуметтік тың жобалар бастау алды.
Аймақ жұртының 25 процентін құрайтын 200 мыңға жуық жасты оң арнаға бұрып, ел дамуына жұмылдыру мақсатында белсенді жұмыс істейтін өңірде 45 қоғамдық ұйым бар. Түрлі бастамаға ұйытқы болып жүрген бірлестіктердің қызметі «Рухани жаңғыру» секілді мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына негізделген.
Қуаныш Жанұзақов, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
- Елбасының кешегі қойған міндеті «Цифрландыру», IT саласында қазір белсенділік танытып жатыр. Жалпы облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен жастар белсенділігін арттыру, қоғамдық ұйымдар арасында қарым-қатынас нығайту мақсатында және түрлі топтағы жастардың әлеуетін көтері бағытында 13 әлеуметтік қызмет жүзеге асырылуда.
Сырдың жалынды жастары төл мерекесінде экстремалды спорт түрлері бойынша сынға түсті. Сондай-ақ «Толағай» жас отбасылар сайысы да қызыққа толы болды. Спортты серік еткендер асық атып, қарбыз көтеріп те сайысты.
Ауқымды шараға жиналған жалынды жастарға жасотандықтар түрлі сала бойынша өңірде қолға алынған жоба-бастамалар жөнінде кең ақпар берді.
Талғат Тілес, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы төрағасы:
- «Open Consultation» жобасын іске қостық. Бұл жоба мақсаты жастар, қала, аудан тұрғындары көп шоғырланатын жерде кеңес беру. Кәсіпкерлікті дамытуға байланысты қандай грант, жеңілдік алады? Тұрғын үй бағдарламасы, оның ішінде облыстағы «Орда» жобасы бар. Соның барлығын жастарға түсіндірме жұмыстарын жүргізетін боламыз.
Облыс орталығымен қатар барлық аудандарында да өткізілген жастар фестивалі әзіл мен ән кештеріне ұласты.
www.24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2018 г. 702 0