Қазақстанның барлық ірі қалаларында ауа сапасы жақсарады

 Қазақстанның барлық ірі қалаларындағы метеорологиялық жағдай 10 тамыз күні жайлы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Тек Балқаш қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Ал өзге қалаларда ауа сапасына кері әсер ететін метеожағдайлар болмайды. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 тамыз 2018 г. 418 0