Жаңақорған. Өткен жылдың қазан айында «31 телеарнада» ұйымдастырылған отбасылық «Ән-Шаңырақ» бағдарламасына облыс атынан келінтөбелік Бидашевтар отбасы қатысты. Үздік өнер көрсеткен отбасы мүшелері байқау қорытындысы бойынша финалға шығып Үндістанның Гоа қаласына отбасылық жолдаманы жеңіп алды.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, үстіміздегі жылдың наурыз айының 8-19 аралығында отбасы мүшелері үнді елінде демалып қайтты.
Бидашевтар халықтық отбасылық ансамблі 1989 жылы аудандық мәдениет үйіне қарасты Келінтөбе ауылдық клуб үйінде құрылған. Ансамбль жетекшісі Оразғали Бидашев жоғары білімді музыкант. Ансамбль мүшелері зайыбы Г.Бидашева мен Бақыт, Бексұлтан, Балжан есімді балаларынан тұрады. Өнерді мұра қылған отбасының бүгінге дейін қол жеткізген жетістіктері де баршылық. Өнерлі отбасының өнегесі өзгелерге үлгі боларлықтай.