Арал. Қызылорда қаласында өткен ІІІ "Байқоңыр" инвестициялық форумына қатысқан Германия елінің 5 туристік операторлары Бөген ауылына келіп, балықшылардың өмірімен танысты.
Олар "Кіші Арал" теңізіне барып балықшыларды жұмыс үстінде көріп, ерекше әсер алғандарын айтты. Бөген ауылының балықшы қауымын біріктіріп, олардың балық кәсіпшілігімен айналысуына қолайлы жағдай туғызып отырған "Бақыт" шаруа қожалығының басшысы Аманбай Ерхатовпен кездесті. Бөген ауылының жанында орналасқан осы қожалыққа қарасты "Сервистік дайындау орталығы "Бөген" ЖШС-ның балық өңдеу цехтарын аралап, балықты қабылдау, сұрыптау, өңдеу және жөнелту жұмыстарымен танысты.