Елімізде электр энергиясын тұтыну 7 пайызға артқан

Қазақстан өзін-өзі электр энергиясымен толықтай қамтып отыр. Соңғы жарты жылда сағатына 54 млрд к/Ватт электр энергиясы өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,5 пайызға артық.

 Елімізде өндірілген энергияның 82% – жылу стансаларына, 8,4% газ саласына тиесілі, қалғаны гидро-электр, жел және күн стансаларынан бөлініп отыр.

 Мамандардың айтуынша, экспорт 87 пайызға артып, сағаты 1,9 млрд теңгені құраған. 2018 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 54,8 млрд кВт/сағ энергия өндірілген. ЖЭО – 82% Газ турбиналары – 8,4% Гидро электр стансалары – 9,7% Жел стансалары – 0,4% Күн стансалары – 0,1% Экспорт –  87,4%.

Дереккөз: 24.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2018 г. 455 0