Оқушылардың жазғы демалысына назар аударылуда

Оқушылардың жазғы демалысына назар аударылудаЖалағаш. Биылғы жылы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыспен ұйымдастыру барысы қоғамдық еңбекпен тарту мақсатында білім беру ұйымдарындағы құрылыс-жөндеу және көркейту-көгалдандыру бригадаларына тарту, сыртқы лагерь жұмыстарын ұйымдастыру, мектеп жанындағы күндізгі тынығу лагерлеріне қамту, облыс және облыстан тыс лагерлерге демалуын қамтамасыз ету, туристік саяхатқа жіберу, ата-аналармен демалысын ұйымдастыру шаралары арқылы жүргізіледі.
Кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінде 5 ауысымда жұмыс жасау жоспарлануда. Лагерде 402 (6,7%) бала міндетті оқу қоры есебінен демалдырылады. Лагерьге 2013 жылы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, спортқа бейімдеу мақсатында лагерь аумағына жергілікті бюджеттен 5600,0 мың теңге қаржы қаралып балалар ойнайтын алаң салынды. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы кент сыртындағы «Ақтерек» сауықтыру лагеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауыз су, кәріз жүйелері, асхана ғимараты, балалар ойнайтын алаң, жолдарға жөндеу жұмыстары, балалар жататын үйлердің есік-терезелері, шатыр ауыстырылады, сондай-ақ лагерь ауласын темір шарбақтармен қоршау, ғимараттардың ішкі, сыртқы электр жүйелерін жаңалау, сыртқы бассейнге күрделі жөндеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Бөлінген қаржысы жергілікті бюджеттен 47 млн. 719 мың теңге. Бүгінгі таңда жалпы жазғы кезеңде- демалыс пен сауықтыруға-2703 баланы 45,5%, қоғамдық жұмыспен-2800 баланы 47,1% қамту көзделіп отыр. Жалпы 1-10 класта оқитын 5936 баланың жазғы демалыспен, қоғамдық еңбекпен барлығы 5503 бала 92,7% қамту жоспарлануда.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2014 г. 1 408 0