Қармақшы. Жосалы кентінің тұрығыны Марал Кеңесқызы 1994 жылы кент орталығынан "Марал" атты жеке шаштараз ашып, халыққа қызмет көрсете бастады. Ол өзінің аянбай еткен еңбегінің арқасында кент тұрғындарының ықыласына бөленіп, өзге әріптестеріне үлгі көрсетті.
Бүгінгі таңда да Марал Кеңесқызы заман талабына сай жабдықталған "Марал" сән салонында аудан тұрғындарына өздерінің қызметтерін көрсетуде. Отбасылық "Марал" сән салонының аудан тұрғындарына көрсетіп келе жатқан қызметтеріне биыл 20 жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында ол ел алдындағы елеулі еңбектері үшін көптеген марапаттарға ие болды.