Қазалы. Ауданда жылда дәстүрімізден жаңылмай көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалығына байланысты жалпыхалықтық сенбіліктер ұйымдастырылуда.
Өткен аптадағы сенбілікте «Жеңіс», «Жалаңтөс» баһадүр саябақтары мен «Жастар» аллеясына, Әйтеке би, Қ.Пірімов, С.Мұқанов, Ж.Нұрмұхаммедұлы, Үмбет би, В.Счастнов, О.Жанаділов көшелері мен 5 – квартал аумағындағы қазақ, орыс қорымдарына кент тұрғындары тазалық жұмыстарын жүргізді. Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, халықаралық көшет отырғызу күніне орай кент тұрғындары, ардагерлер, мәслихат депутаттары, 2500 үйеңкі талының көшеті мен 1500 қара тал көшетін отырғызды. Бұрын егілген талдардың түптері әктеліп, арықтары қыршылды, көше жиегіндегі қоршаулар жуылды.