| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстандағы ең жас дарынды композитор Нұрәлі Бейсеқожа жетім балаларға арнап «Сыйлайық өмір сәбиге» атты шығарма жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.
Бейсеқожа Нұрәлі Саттарұлы 17.12.2005 жылы Алматы қаласында туылған. 4 жасынан бастап пианинода ойнай бастады. 6 жасында алғашқы шығармаларын дүниеге алып келді. 2012 жылы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық Қазақ мамандырылған музыка мектеп – интернатының 1-сыныбына оқуға түседі. Мамандығы скрипкашы, екінші аспабы – пианино. Халықаралық және Республикалық байқаулардың жеңімпазы, соның ішінде Республикалық «Гамманы шебер орындау», «Пьесаны шебер орндау» байқауларының 1-орын иегері, Music Star байқауының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының композиторлары одағының басшысы Балнұр Қыдырбекқызының марапаттауымен «Қазақстандағы ең жас композиторы» дипломының иегері.
Қазіргі таңда 20-ға жуық шығармалардың авторы, соның ішінде «Анашым», «Балалық шақ», «Қазақ вальсі», «Аққан жұлдыз» (Денис Тенге арналған) және т.б. туындылары бар.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |