Жалағаш. Аудан бойынша 2013 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 8426,3 шаршы метр, 2012 жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға артып отыр.
2013 жылы аудан бойынша 34 нысанға сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, 1770 мекен-жай анықтамасы берілді. Сонымен қатар 38 объекті иелеріне қала құрылысы заңын бұзғандығы жөнінде ескертулер берілді. Салық базасын ұлғайту мақсатында 159 жылжымайтын мүлікке зерттеу зерделеу жұмыстары жүргізілді.